Спорт

Ел қоржынына жетінші алтын түсті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан сынға түскен отандасымыз Нұржан Батырбек алтын алды. Осылайша бұл ел қоржынына түскен жетінші алтын болды.

 

69 келі салмақта өнер көрсеткен Нұржан Батырбек ақтық кездесуде БАӘ өкілінің спортшысын 4:2 есебімен жеңді.

Бұған дейін жерлесіміз жартылай финалда 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері оңтүстік кореялық Чо Сонг Хенді жеңген болатын. Ал, оның алдында саудиялық Усама Кандил мен Тәжікстан өкілі Рамшед Абдуллоевты қапы қалдырған.

Осы салмақта бақ сынаған тағы бір қазақ спортшысы Алдияр Серік қола жүлдеге ие болды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button