Спорт

Ел қоржынына тағы да екі медаль түсті 

Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын және күміс медаль түсті.

Ерлер арасындағы биатлоннан 10 шақырымдық спринтте отандасымыз Бекентай Тұрлыбеков қарсыластарын жолда қалдырып, алтыннан алқа тақты. Ол берілген межені 27:51,5 минутта бағындырған. Ал, АҚШ спортшысы Бьорн Вестервельт 27:59,8 минутта жүріп өтіп, күміс жүлде иеленді. 28:13,7 минутта мәреге үшінші болып келген тағы бір отандасымыз Александр Мухин универсияданың қола жүлдегері атанды. 

Сонымен қатар отандастарымыз Кирилл Бауэр мен Вадим Куралес төртінші және бесінші болып мәреге жетті.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button