Жаңалықтар

Ел газетінде – «Орталық» түлектері

    Өткен аптаның соңында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде кадрлық өзгерістер орын алды. Ел газетіндегі ауыс-түйісте аты аталған үш журналист – облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің түлектері.

Сонымен, «Егемен Қазақ­стан» газеті Бас редакторының орынбасары болып Қамбар Ахметов тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. Ақпарат саласының үздігі Қамбар Жұмағалиұлы 2004-2006 жылдары «Орталықтың» мектебінен өтті. Еңбек жолын «Балқаш өңірі» газетінде бастап, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінде тілші, «BAQ-КZ» ақпараттық агенттігінде Бас редактор болды. «Қазақстан» РТРК» АҚ Интернет жобалар бөлімінде Бас редактор және «Нұр Отан» партиясына қарасты «Электронды партия» медиа редакциясы интернет-русурсына бас­шылық жасады.

Ал, бұған дейін аталмыш газеттің біздің өңірдегі меншікті тілшісі болған Мирас Асан «Егеменнің» білім бөліміне қыз­мет ауыстырды. Көзі қырағы оқырман жақсы білер, Мирас Болатұлы да «Орталықтай» қарашаңырақта аға тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған еді.

«Егеменнің» Қарағанды об­лысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне Қайрат Әбілдинов қайта оралды. Қайрат Жүнісұлы «Орталықта» еңбек жолын бастады, редакциямызда бөлім басқарды. Сондай-ақ, «Егеменнің» спорт бөлімін басқарып, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Бәрекелді, іске сәт!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button