Қарағанды

Ел ертеңі – білімді ұрпақ

   Еліміздің болашағы, ұлтымыздың ертеңі мектеп қабырғасында білім алатын жас ұрпақтың саналы ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Сондықтан да, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар да оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын тани алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.

Елбасымыз Н.Назарбаев “елі­міздің ертеңі, бүгіні жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында”, – деп айтқанда қазіргі таңда және болашақта ұстаздардың алатын орны ерекше екендігін тағы да бір нақтылап көрсеткендей. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «…білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді», – деп айтқан болатын. Демек, мұғалім де өз жұмысында биылғы Жолдауға, мақалаға бағдарлап, төртінші революцияны жасайтын ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен тақалып, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгергені дұрыс. Біз – ұстаздар қауымы, Көшбасшының ойын толық қолдай отырып, ақпарат заманының толық қанды мүшесі екенін сезіне алатын, техника тілінде сөйлей алатын, әлеуметтенген, терезесі тең ұрпақты тәрбиелеуде өз міндетімізді жақсы атқаратынымызға сенім білдіре аламын.

Гүлжахан БЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ,

№145 “Балапан”

балабақшасының

тәрбиешісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button