Жаңалықтар

Ел ертеңі

Жақында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Қарағанды қаласының №12 «Ертегі» балабақшасымен бірге «Рухани жаңғыру отбасынан басталады» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинар мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу аясында ата-аналармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру бойынша балабақша тәрбиешілерінің педагогикалық тәжірибелерін көрсету.
Семинар жұмысына қатысқандар маңызды тақырып бойынша ой-пікірлерін білдірді. Олардың қатарында Қарағанды филиалының мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Н.Қалмағанбетова, қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің бас маманы А.Биева, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценттері Г.Белгібаева, Г.Бейсенбекова, Қарағанды гуманитарлық колледжінің оқытушылары Қ.Медянова, К.Оспанова, сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен студенттер бар.
Шеберлік сыныбы аясында тәрбиешілер Т.Ташмағамбетова, А.Шерьязданқызы «Ханталапай» ұлттық ойынын көрсетіп, оны өткізу әдістемесі туралы айтып берді. Тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балаларды отбасылық тәрбиелеуде ұлттық ойындардың маңыздылығын аша отырып, өз баяндамаларында ата-аналармен жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Аталған ойынды тәрбие процесінде басқа нұсқада қолдану жолдарын ойластыру студенттерге тапсырылды. Олар балалармен жұмыста ұлттық ойындарды қолдану тәжірибесін талдауға белсене араласты, түрлі ұсыныстарын білдірді. Ұлттық болмысымызға тән басқа да салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды, ұлттық ойындарды күнделікті оқу-дамыту барысында қолдану – балаларды ұлттық нақышта тәрбиелеудің бірегей тәсілі.

Н.КИЛИБАЕВА,
№12 «Ертегі» балабақшасының директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button