Ресми

Ел дамуының бағдары

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Сурет qazaqstan.tv

Биылғы Жолдау да Президенттің бұған дейінгі Жолдауларынан және сайлауалды бағдарламасынан бастау алған реформаларды одан әрі дамытуға арналып отыр. Бұл Жолдау да халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Әлеуметтік, қаржылық, энергетикалық, аграрлық салалардағы туындаған мәселелер мен олардан шығу жолдары сөз болды. Халықтың басындағы несиеге алаңдаушылық білдірген Президент бұл қоғамдық қатердің алдын алу үшін банктердің ақша-несие саясатына байланысты жүйелі талдау жүргізіліп, үйлесімсіздікті жою үшін банктер туралы жаңа заң қабылдау қажеттігін атап өтті. Қазына қаржысын стратегиялық маңызы жоқ шаруаларға жұмсамауды қатаң ескертті. Келесі бағыттарда Мемлекет басшысы денсаулық саласын, бұқаралық спорт пен балалар спортын дамыту, «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыру, елдегі экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау сияқты өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, «Таза Қазақстан» акциясын одан әрі жалғастырып, әрбіріміз өз айналамызды таза ұстауға міндетті екенімізді айтты.

Ел Президенті Жолдаудың соңғы тоғызыншы бағытында көпұлтты Қазақстанда барлық азаматтардың тең құқыққа ие екеніне аса мән беріп, әрбірімізді елдегі бірлікті сақтауға, арандатушылыққа жол бермеуге шақырды.

Жолдауда халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру, қоғамда тәртіп идеологиясын терең орнықтыру да жан-жақты қамтылған. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған мәселелердің болашақта толық жүзеге асатынына үлкен сенім артамыз!

Гүлжахан ШӘРБЕКОВА,
Приозерск қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы.
ПРИОЗЕРСК.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button