Ел болашағы – салауатты отбасы

        Жақында Қарағанды облыстық №2 қазақ-түрік лицей-интернатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен отбасы күніне орай «Толағай» отбасылық сайысы өтті. Аталмыш шара денешынықтыру пәні мұғалімі Д.МАХАДИЕВАНЫҢ басшылығымен ұйымдастырылды.

       Негізгі мақсат – оқушыларымызды спортқа баулу, отбасы бірлігі мен салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы мен лицей арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Сайысқа 7-8 сыныптардың ата-аналары мен оқушылары қатысты. Әр сыныптан әкесі, анасы және баласынан тұратын отбасылық топ шықты. 7 «а» сыныбынан «Барыс» тобы, 7 «б» сыныбынан «Gryffindors» тобы, 8 «а» сыныбынан «Шаңырақ» тобы, 8 «б» сыныбынан «Алау» тобы сайысқа қатысты. Он кезеңді қамтыған аталмыш бәсекеде білім мен спорт саласынан бақтарын сынаған отбасылық топтар өз белсенділіктерін таныта білді. Ойын барысында ең алдымен топтар өздерін таныстырып, содан кейін ойын шарттары түсіндіріліп, ойынға білек сыбана кірісті. Отбасыларымыз қызыққа толы бірнеше ойын бөліктерінен еш сүрінбестен өтіп, ойын соңында қазылар алқасы берген ұпайлармен бағаланып, жеңімпаздар анықталды. Спорттық іс-шара өз мәресіне мақсатты түрде жетіп, көрермендер ерекше көніл-күймен қайтты. Бас жүлдені «Алау» тобы, І-ші орынды «Шаңырақ» тобы, ІІ-ші орынды «Gryffindors» тобы, ал III-ші орынды «Барыс» тобы иеленді. Әрбір ата-ана баласының білімді, білікті, денсаулығы мықты, еліне ерінбей еңбек ететін азамат болып шыққанын армандаған отбасы ретінде, мектептің барлық іс-шараларынан қалмай қолғанат етуге әзір екендіктерін көрсете білді. Осындай сайыстардың еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде, салауатты өмір салтын, отбасылық құндылықтарды насихаттауда үлкен үлесі бар.

Сәуле ЕДІЛБАЕВА,

облыстық №2 қазақ-түрік

лицей-интернаты

директорының бейіндік

оқыту жөніндегі

орынбасары.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.