Бас тақырып
Экология департаменті қаланың атмосфералық ауа сапасын өлшеді
Қарағанды – еліміздегі ауасы ең лас қала саналатыны баршаға аян. Бүгін таңертең қаланы қою қара түтін басып тұрды. Сондықтан экология департаментінің мамандары қаланың атмосфералық ауасына аспаптық өлшеу жұмыстарын ұйымдастырды.
Өлшеу жұмыстары Оңтүстік-Шығыста (Қ.Дүйсембеков к-сі, Республика даңғылы), Майқұдықта (К.Либнехт к-сі), Пришахтинск қаласында (Зелинский к-сі), Михайловкада (Рыночная к-сі) жүргізді.
Өлшеу жұмысы кезінде күйе, азот оксиді және диоксиді, күкірт диоксиді және күкіртті сутекке көрсеткіштер алынды. Мониторинг нәтижесі бойынша ауада рұқсат етілген концентрациядан 1,5-4 шамасында күйенің артық мөлшері тіркелді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz