Жаңалықтар

«ЭкоӘлемҚазақстан» – экология күзетінде

    Бұдан былай Қарағандыда қоқыс жәшіктері камералар арқылы бақыланатын болады. Енді, қарағандылықтар көлемді қоқыс тастай алмайды. Егер, тұрмыстық ұсақ қалдықтардан бөлек, өзге ірі қалдық тастаса, олар заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.

Қарағандыдағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын кәсіпорынның бақылау камераларын орнатудағы мақсаты – қоқыс жәшіктеріне ескі есіктер, сынған жиһаздар, ірі көлемдегі сылақ бөлшектері сынды ауқымды қоқыстарды тастау деректерін анықтау. «Құрылыс материалдары түріндегі көлемді қоқыстарды, ескі кереуеттер, сынған тоңазытқыштарды біз шығаруға міндетті емеспіз. Қаланы көріктендіру ережелері бойынша қоқыс жәшіктері тек тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған», – дейді «ЭкоӘлемҚазақстан» ЖШС атқарушы директоры Әмірбек Орынбеков. Кімде-кім қоқыс алаңына көлемді зат тастайтын болса, кәсіпорын қызметкері әкімшілік кодекстің бұзылғаны  және оны бұзған адам туралы хабарды полицияға жеткізеді. «ЭкоӘлемҚазақстан» ЖШС құзырында 42 қоқыс алаңдары бар.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button