Егемендік – ел мерейі

    Ел егемендігіне ерекше үлес қосу – әр азаматтың адал борышы. Ұжым болып ұлт болмысына бей-жай қарамау да – ұлағатты тәрбиеден бастау алады. Сондай тамаша үрдіс жуырда Доскей ауылында жалғас­ты.

    Аталмыш елді мекендегі музыка мектебінің мәжіліс залында өткен «Көк байрағы көгінде желбіреген» атты мерекелік іс-шараға ауыл әкімі Әнуар Мұратұлы қатысып, тұрғындарды құттықтап, марапаттау қағаздарын тапсырды. Кеш барысында көрермендер «Тәуелсіздікке – 25 жыл» аясында бейнероликті тамашалап, мерекелік концертті халықтық ұлт аспаптар оркестрі Сейтектің «Той бастар» күйімен ашып, Табиғат Сұңғаттың орындауындағы халық әні «Гүлдариғаны», «Соловушки» вокалды тобының «Крушина» әнін көрермендер қошеметпен қарсы алды. Сонымен қоса, музыка мектебінің оқушыларынан құралған вокалды топ пен жеке орындаушылар А.Сайынова, Э.Ахметова, А.Әубәкірова, Д.Мейрамов шырқаған тамаша әндер, «Балдәурен» бишілер тобының орындауындағы әсем билер көрермендердің көңілінен шықты. «Ақбота» балабақшасының тәрбиешілері дайындаған «Жаңа ғасыр – Қазақстан» әні де зор қошеметке ие болды. Мерекелік концертті Қарағанды қаласының №31775 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрі жалғастырды.

Дариға БІЛӘЛОВА,

Доскей ауылының мәдени

шараларды ұйымдастырушысы.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.