Егемен елдің еңселі биігі

    Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан бері мемлекетімізді алға бастырар тың серпіннің қуатын сезінгендей болдық. Бұл әсіресе қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесімен өзектес болғаны қуантты.

Латын қарпі – Егемен елімізді еңселі биіктерге бастары айтпаса да белгілі жайт. Сондықтан, осы мәселе төңірегінде айтылған ойларға, қызу талқылауларға үнемі құлағым түрулі жүреді. Соның нәтижесін де көріп жатқан жайымыз бар. Жуырда Елбасы ғалымдарымыз, филологтеріміз, лингвистеріміз, мамандарымыз әзірлеген қазақ әліпбиінің латын қарпіндегі нұсқасын мақұлдап, қол қойды. Қуанарлық оқиға емей немене? Қуандық.

Қай мемлекет болмасын, қаріп мәселесіне ұдайы қырағылықпен қарап келеді. Өзіндік қарпі бар Қытай, Жапония сынды алпауыт елдер де осы латын графикасын жат көрмейді. Бұл дегеніміз 21 ғасыр­дағы білім мен ғылым тілінің осы латын қарпімен тығыз байланыста екенін аңғартса керек. Себебі, бұл ғасыр – білектің күшіне емес, білімнің күшіне сенетін ғасыр.

Қаражал қаласының ақсақалдары, қаланың құрметті азаматтары және зейнеткерлері арасында да латын қарпіне қатысты талқылау өтті. Бәрі бірдей Президент ұсынысын қолдап, ел дамуына тек оң өзгерістер әкеледі деп сенді. Бұл қаріп біздің балаларымыз, немерелеріміз үшін аса маңызды. Жарқын болашаққа бастайтын да осы қаріп түрі болмақ.

Т.ФЕДОСОВА,

зейнеткер.

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.