Жаңалықтар

Еңбекақы көтеріледі

   «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбекақыға қатысты өзгертулер туралы ресми мәлімдеме жасады.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 31 желтоқсан айына дейін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Өркен» компанияларында тізімдік санында тіркелген қызметкерлерге жалақылық тариф көтеріледі. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің жерасты топтардың қызметкерлеріне және Атасу «Өркен» ЖШС темір рудасы кен орнының қызметкерлеріне көмір және темір рудасы кен орнының қызметкерлер үшін 30% жалақылық тариф көтеріледі. Сонымен қатар, ұжымдық келісім-шарт бойынша 3,55% индексация жүргізіледі», – делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көмір департаментінің жерүсті қызметкерлеріне, «Өркен» ЖШС және де болат департаментінің қызметкерлеріне, сондай-ақ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат департаментінде басқа да қосалқы функциялар жасайтын қызметкерлерге грейд жүйесіне сәйкес еңбек­ақы 30%-ға дейін көтерілетіні атап өтілген.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат департаментінің, жер­үсті топтарының көмір департаментінің қызметкерлеріне, жалақыны көтеруге қатысты мәселе 2018 жылдың 26 қаңтарына дейін қарастырылып шешілетін болады», – делінген хабарламада.

АО «АрселорМиттал Те­міртау» АҚ «ArselorMittal» трансұлттық компаниясының құрамына енеді және Қазақстанның тау-кен металлургиялық комбинаты саласындағы ірі кәсіпорын болып табылады. Компания құрамына Теміртаудағы металлургиялық комбинат, Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір кенін өндіру бойынша 4 кеніш енеді.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button