Ресми

Еңбек қауіпсіздігі – басты мүдде

Бүгін – жұмыс орындарында жарақат алған немесе қаза тапқан жұмысшыларды еске алудың халықаралық күні. Күн сайын әлемде адамдар жұмыс орнында жазатайым оқиғалардан, сондай-ақ, кейіннен өлімге әкеп соқтыратын кәсіби аурулардан көз жұмады.

Еңбекті қорғаудың ұлттық мәдениеті – бұл барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, кәсіп орындардың басшылары, кәсіподақ ұйымдары мен қызметкерлердің қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын және құқықтары мен міндеттерін айқындай отырып, денсаулық үшін зиянсыз өндірістік ортаны құрады және ең жоғары басымдылық алдын алу қағидатына беріледі.

Біздің әрқайсымыз жұмыс орнында жарақаттану мен апатқа қарсы күреске өз үлесімізді қосуымыз керек. Жұмыс берушілер қауіпсіз еңбек үшін жауап береді. Жұмысшылар қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауы, өзін, әріптестерін негізсіз тәуекелге ұшыратпауы, өз құқықтарын білуі, профилактикалық іс­шараларды жүзеге асыруға қатысуы және еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс. 

Қарағанды облысы өндірістік аймақ болып табылады. Талдау көрсеткендей, жазатайым оқи ғалардың басым бөлігі облыстың тау­кен металлургия, көмір және құрылыс салаларында болады. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері зар дап шегушінің өрескел абайсыздығы, өндірістік жұмыстардың қанағаттанғысыз деңгейде ұйым дас тырылуы,  автожол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, ғимараттардың, құрылыстардың қанағаттанғысыз техникалық жағдайы және тағы басқалары болып табылады. Өндірістік жарақаттарды төмендету мақсатында облыстың кәсіподақ орталығымен бірлесіп, 2018-2020 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы қабылданды. Кәсіптік тәуекелдерді басқарудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу мақсатында кәсіпорындар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі (OHSAS 18001, МОТСУОТ) стандарттарды енгізеді. 1200 өндірістік кеңес құрылды. Олардың міндеттері өндірістік жарақаттардың алдын алу, сонымен бірге, мекемелердегі, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайына тексеру жүргізуді ұйымдастыру болып табылады.  

Сондай­ақ, облыс кәсіпорын дары «Цифрландыру» бағдарламасы аясында жұмысшылардың орналасқан жерін анықтау және өндірістегі жаза тайым оқиғалардың туындауын болдырмау үшін жерасты жағдайларында (шахталарда) жайғастыру жүйесін енгізеді. Бұдан басқа, ҚР еңбек заңнамасының нормаларын қолдану бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдары арасында тұрақты негізде ақпараттық­түсіндіру жұмыс тары жүргізіледі. Облыс кәсіпорындарымен жарақаттану көрсеткіштерін төмендету және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша бірлескен іс­қимылдарды әзірлеу бойынша дөңгелек үстелдер, кеңестер өткізіледі.   

Өндірістік жарақаттанудың жазатайым оқиғаларын жасыруды болдырмау мақсатында басқарма облыстың кәсіпорындарында жарақат алу фактілері бойынша өңірдің медициналық мекемелерімен тұрақты негізде салыстырып тексеру жүргізеді. Өз кезегінде, жұмыс берушілер еңбек заңнамасының нормаларын сақтау бойынша, соның ішінде, еңбек қауіпсіздігін сақтау кезінде және қызметкерлерді оқыту барысында бақылауды күшейту қажет. Жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға жәрдемдесу мақсатында, жұртшылықты еңбекті қорғау саласындағы проблемаларға және еңбек қызметімен байланысты жарақаттар, аурулар мен өлім оқиғаларының санын азайтуға баса назар аударуға шақырамыз.

И.ЛЮБАРСКАЯ,

облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысы – Мемлекеттік бас еңбек инспекторы.

Басқа материалдар

Back to top button