Жаңалықтар

Еңбегі – қара орман еліне өнеге

Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды. Ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк етеді. Ол – халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституция мызғымастығының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн, сондай-ақ билік органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етеді. Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда 1 желтоқсанда мемлекеттік мереке – орасан еңбегі үшін Елбасына құрмет көрсетудің мәні болып табылатын Тұңғыш  Президент күні аталып өтеді. Қазақстанның Тұңғыш Президентiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгi республика Конституциясымен ғана емес, Конституциялық заңмен де айқындалады.

Тәуелсіздік жылдары мемлекет дамуының дұрыс бағытын таңдауға Елбасының даналығы мен саяси еркіндігі кепіл болды. Бұл тұрғыда ол салмақты және маңызды шешімдерді қабылдауда жан-жақты саяси және биік беделге ие. Елордамызды  Астанаға ауыстыру шешімі қабылданды. Бұл – қазір ХХІ ғасырдың қаласы. Республикада әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде тұрақтылықты ұстау және азаматтарды қорғау бойынша әлеуметтік бағдарламаны толық көлемде орындауда Ұлттық қор құрылды. Одан басқа, Семей ядролық полигонын жабу жөнінде және әлемдік ядролық державалар қатарынан шығу туралы ерікті, батыл шешім қабылданды. Сондай-ақ ЕҚЫҰ-да төрағалық етті. Бұл – Елбасының биік халықаралық беделінің арқасы.

Елбасы – әртүрлі елдердің көптеген мемлекеттік наградаларының лауреаты, бірнеше ғылыми және құрметті атақтардың иегері.

Бастысы – Президент көпұлтты халықты біріктірді. Азаматтар бойында Отанға деген өшпес азаматтық сезімнің қалыптасуына ықпал етті. Конституция­ны, тәуелсіз мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етті. Әлемде еліміздің позициясын бекітуге бағытталған сарабдал сыртқы саясатты жүргізді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты және жүйелі шараларының нәтижесінде, мемлекет әрдайым үздіксіз даму үстінде.

Елбасы – қара орман елі үшін өнеге.

 

Ербол БАЗАРБЕКОВ,

Қарқаралы ауданы әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button