Жаңалықтар

Ең басты құндылық – Адам өмірі

      Алғыс айту күні – ерекше мереке. Ол біздің әрқайсымыздан орын алған жақсы нәрселер туралы ойланып, есте сақтауға, өзімізден «…сенің арқаңда әлем жақсарып, сұлуланып қалды ма? – деген сауалға жауап іздеуге талпындырады. Әрине, қанша жерден саған деген сүйіспеншілігі мен ілтипатын білдіріп тұрса да, барлық адамдарға деген ықылас сезім бірден пайда болмайды. Алғысымыз ең алдымен ата-анамызға, туыстарымызға, мұғалімдер мен тәлімгерлерге білдірілетіні анық. Өйткені ғасырдың күрделі жағдайларында ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың аман қалуына мүмкіндік берген, адамзатқа тән, өмірдің өзіне негізделген ең жақсы қасиеттер, ізгі ниеттер біздерге солар арқылы жетті.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында орын алған соғыс пен төңкеріс, қудалау мен күштеп қоныс аударту, аштық пен суық,  көптеген халықтардың басына түскен үлкен ауыртпашылық, зор қайғы болды. 1936 жылы кеңестік Украинаның аумағында тұратын поляктар солтүстік Қазақстанға жер аударылды. Тұрғылықты жерлерін еріксіз тастап көшуге мәжбүр болған олар қазақ даласына келіп, өмірлерін қайтадан бастады. Келесі жөңкіліп еріксіз қоныс аударушылар құрбанына айналғандар қатарында немістер, кәрістер, және басқа да көптеген этникалық топтар болды. Жаңа жерге көндігіп, далалық жағдайға бейімделіп, адам төзгісіз жағдайда жұмыс атқарып және тағдырдың қиындықтарымен күресе жүріп олар шығу тегіне, наным-сеніміне қарамастан бір-біріне көмек қолдарын соза білді.

Ең басты құндылық Адам өмірі болды. Өздері де аштықтың адам төзгісіз қасіретінен әупірімдеп әзер аман қалған қазақтар, қолындағы соңғы түйір дәнімен бөлісті.

Сол бір сұрапыл жылдардың көзі тірі куәгерлері өздерінің естеліктерінде дала халқының жанқиярлығы мен жанашырлықтарын әлі күнге дейін жыр ғып айтады.  Тағдырдың тезінен өтіп, өмірдің өзіндей қатал сынақта шыңдалған бірлік пен келісімнің негізі қазіргі заманғы мемлекеттің, Тәуелсіз Қазақстандағы бейбітшіліктің іргетасы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырып, Алғыс айту күнін жариялау – Президентіміздің өте дұрыс таңдаған даналық ұйғарымы.

Виталий ХМЕЛЕВСКИЙ,

облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button