Джаз оркестрі маусымның жабылуына шақырады
Джаз оркестрі қала тұрғындары мен қонақтарын 31 мамыр күні сағат 18.30-да “Цирк” ғимаратында өтетін мерейтойлық, ХХХ концерттік маусымның жабылуына шақырады.

Концертте take the ‘A’ Train, Slo-Funk, MiRA MIRA, TOUCHIN ALL THE BASSES, TEEN TOUN, TICO TICO, LIBERTANGO, FEVER, THE MAN I LOVE, TEACH ME TONIGHT, NICE WORK IF YOU CFN GETТ, “Карусель” әндері шырқалады.
Солистер – Алексей Соколов (аккордеон, Ресей), Екатерина Хоменкова (вокал, Алматы қ.), Денис Шушков (контрабас, Ресей).
Алексей Соколов – бүкілресейлік және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Ресей музыканттар одағының мүшесі, Гнесин атындағы Ресей музыка Академиясының түлегі, Шнитке атындағы МГИМ және Berklee College of Music (Бостон, АҚШ).
Денис Шушков – Гнесин атындағы РМА-ның түлегі. АҚШ-та тағылымдамадан өтті. Ресей, Украина, Қазақстан, Балтық жағалауы, Польша, Германия, Шотландия, Норвегия, Қытай, АҚШ-тың түрлі фестиваль алаңдарында өнер көрсетті.
Екатерина Хоменкова – керемет вокалдық техникасы бар джаз әншісі. Италияда, Сиена қаласының университетінде джаз ән айту шеберлігін оқыды. Ол Еуропалық музыканттармен, соның ішінде Петер Шарикпен бірге өнер көрсетті.
Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.
Жүргізуші – Роберт Граф.
Билеттер цирк кассаларында және ticketon.kz сайтында.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz