Жаңалықтар

Думанды достық мекені

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін Жаңаарқа жұрты да барлық сән-салтанатымен атап өтті. Мерекелік шара алдын ала жоспарлаған бағдарламаға сай аудандық мәдени-сауық орталығының алаңынан бастау алды.
Орталық көшеде өткен мерекелік шеруге аудан тұрғындары қатысты. Шеруден кейін аудан басшысы Юржан Асанұлы барша қауымды мерекемен құттықтады.
– Мереке бүкіл елімізде жалпыхалықтық мереке болып қалыптасып кетті. Тәуелсіздік алғаннан бері мереке жаңа әрі терең мазмұнға толды. Қазақстан халқының бірлігі күні біздің берік достығымыз бен тұтастығымыздың, адал ниетіміз бен мақсат-мүд-деміздің бірлігінің символына айналды. Қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – баршамыздың алдымызда тұрған басты міндет. Елдегі саяси тұрақтылық, дінаралық, ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз, – деді аудан әкімі.
Салтанатты жиын ел ынтымағын насихаттау мақсатында әр ұлт өкілдерінің арасында өткізілген «Бәйтерек жанындағы достық тойы» атты театрландырылған мәдени шарамен жалғасты.
Мектеп оқушыларының әр халықтың ән-билерінен көрсеткен үзінділері мен еліміздегі ұлттар достығын бейнелейтін көріністері жарастықпен сабақтасып жатты. Бір шаңырақ астына топтасқан әр ұлттың балалары мерекеде достық пен бірлік тіледі.
Мұнан соң, мәдени-сауық орталығының, мектеп өнерпаздары мен әр түрлі фестиваль жүлдегерлерінің қатысуымен мерекелік концерт қойылды. Мекеме ұжымдары мен мектептер әр ұлттың дастарқан мәзірлерін жасап, түрлі дәмдерін тарту етіп, мерекелік ас ұйымдастырды. Мереке аясында өткізілген спорттық ойындар жанкүйерлерді де көптеген қызыққа кенелтті. Сонымен қатар, мереке күні аудан тұрғындары үшін төменгі бағамен ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі және мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылды.

Индира АСАМИДАНОВА,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button