Жаңалықтар

Достық көкжиегінде

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында қытай мәдениеті мен әдебиетінің өзіндік тарихын және қытай халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін жаңғыртуға арналған шара өтті.
Іс-шараға «Достық» Қытай ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің «Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы Б.Досова, және қытай тілінің оқытушысы У. Аязбай қатысты.
Еске сала кетсек, 1992 жылы Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Сонымен қатар, қытай тілінің оқытушысы У. Аязбай қытай тілінің ерекшеліктерін атап, иероглифтерді салып, мағынасын түсіндіріп отырды. Сондай-ақ, қатысушыларға «Қытай жаңа жылы» туралы бейнеролик көрсетілді. Шара барысында «Достық көкжиегінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда қытай кітаптары орыс және қытай тілінде ұсынылып, музыкасы ойналды. Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың көңілінен шықты.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button