Спорт

Доп додасы басталады

Ел егемендігінің 30 жылдығына орай Қарағанды университеті «BUKETOV UNIVERSITY – 2021» футбол турнирін ұйымдастыруда. Жарыста 12 команда бақ сынайды.

Доп додасына университет оқытушылары, қызметкерлері және докторанттары қатысады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар журналистерді де жарысқа қатыстыруды ұйғарыпты. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен «BAQ football team» (Хабар, Хабар24, КТК, Сарыарқа телеканалы) және «Saryarqa football team» («Saryarqa aqparat» медиа-холдингі) командалары қатысады. Ашылу салтанаты бүгін 16:00-де унивеситеттің Студенттер сарайында өтеді.

Сондай-ақ, ректорат құрамы, биология-география, дене мәдениеті және спорт, заң, математика және ақпараттық технологиялар, тарих, физика-техникалық, филология – педагогика – философия – психология, химия, экономика факультеттері сайысқа түседі.

Жеңімпаз командаларға кубоктар және ақшалай сыйлықтар табысталады. Жүлде қоры I орынға – 250 000 теңге, II орынға – 125 000 теңге, III орынға – 60 000 теңге. Жарыс 28 мамырға дейін созылады.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button