Қарағанды

«Домино» – бүлдіршін серігі

Мен сабағымды жақсы оқып, елімнің білімді азаматы болуға тырысамын. Сондықтан, балалар үйінде және мектеп қабырғасында өтетін түрлі шараларға белсенді араласып, үлесімді қосып жүрмін. «Еркем-ай» би үйірмесінің белді мүшесімін. Құрбыларымның қолдауы мен сенімінің арқасында мен балалар үйіндегі мәдени іс-шаралар бойынша «Өзін-өзі басқару» ұйымы әкімінің орынбасары болып сайланып, «Домино» журналын шығарамыз. Біз журналымызда балалар үйінің күнделікті өмірі мен ұйымдастырылған шаралар туралы баяндаймыз. Журнал: «Бізде қонақта!», «Құттықтаймыз!», «Спорт – денсаулық кепілі», «Ата-баба дәстүрі – асыл қазына», «Өнер – таусылмас азық», «Тәрбиеленушілер қаламынан», «Бүгін менің туған күнім» атты айдарлардан тұрады. Редакция алқасының құрамында үйірме жетекшісі және алты тәрбиеленуші бар.

Наталья ВАРЕЛЬДЖАН,

«Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button