Бас тақырыпЖаңалықтар

Динара Сәдуақасова әлемнің үздік шахматшылары қатарына енді

Қазақстандық шахмат ханшайымы Динара СӘДУАҚАСОВА Халықаралық турнирде әйелдер арасында бірінші орынды иеленіп, әлемнің үздік шахматшы әйелдері қатарына қосылды, – деп хабарлады спортшы есімімен аталатын шахмат академиясы.

Халықаралық HDBank Cup Internasional Open Chess 2019 турнирі Вьетнамда өткен еді.

Айтулы турнирде әлемнің 21 елінен 103 майталман шахматшы бақ сынады.

“Рейтингтегі өз мәртебесін айтарлықтай биіктеткен Динара Сәдуақасова әлемнің ең шебер ТОП-30 қыз-келіншегінің қатарына қосылған алғашқы қазақстандық шахматшы атанды“, делінген академияның әлеуметтік желіде тартқан хабарында.

Сондай-ақ, турнирдегі екінші орынға бұрынғы әлем чемпионы Антуанетта Стефанова орныққан. Үшінші орын жүлдесі  сингапурлік Ли Руфанның қанжығасында.

Еліміздің даңқын әлемге паш етіп жүрген жерлесімізге үлкен жеңістер тілейміз!

Басқа материалдар

Back to top button