Жаңалықтар

«Динамо» мықты екен

    Бейсенбі күні Қарағандыда «Сарыарқа» петерборлық «Динамодан» ұтылып қалды. 0:3.

Алғашқы шайбаны петерборлықтар салды. 10-шы минутта Илья Назаревич қақпашы Костинді қапы қалдырды. 0:1.

Екінші кезеңде қарсыластар бірін-бірі ала алмады. Таблодағы есеп өзгермеді. Есесіне, үшінші кезеңде «динамолықтар» тағы екі шайба соғып, есепті 0:3-ке жеткізді. Нақты айтқанда, 51-ші минутта – Михаил Орлов, 59-шы минутта – Станислав Кондратьев мергендігімен көзге түсті. Қарағандылықтар болса, осы ойында Самонов қорғаған қақпаға шайба енгізе алмады.

Қазір «Сарыарқа» – Жоғарғы хоккей лигасы кестесінің 5-ші сатысында. 39 ұпайы бар. Көш басында жоғарыда айтқан «Динамо». Одан кейін және бір петерборлық ұжым – «СКА Нева». Альметьевскінің «Нефтянигі» – 3-ші, Ижевскінің «Ижсталі» – 4-ші орында. Осы турнирдегі Қазақстанның қос өкілінің бірі – Өскеменнің «Торпедосы» 15-ші орынды еншілеуде.

«Сарыарқаның» алдағы қарсыласы – Учалының «Горнягы». 17 қарашада кездеседі.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button