Руханият

Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстан халқына өздерінің ұлттық биі – куэканы арнады

«Қазақстан, ержүрек халық». Осындай атаумен Чилиден Бразилияға келген Dears, Димаштың жанкүйерлері Қазақстан халқына өздерінің ұлттық биі куэканы арнады. Қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған іс-шарада осындай әдемі туынды орындалды. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады. 

16 қарашада Бразилияның астанасы Бразилияда қазақ жазушысы, драматург, ғалым Мұхтар Әуезовке арналған конференция өтті. Оған шақырылған Димаш Құдайбергеннің чилилік жанкүйерлері белсене қатысты.

Конференция барысында қазақ тілі пәнінің оқытушысы, түркітану факультетінің аспиранты Марсиа Кастро барша қатысушыларға Мұхтар Әуезовтің өмір жолы туралы айтып берді, сонымен қатар оның әйгілі «Абай жолы» романын таныстырды. 

Андреа Луенго домбырада «Әлқисса» күйін тамаша орындап, барша көрерменді қуантты.

Жиын соңында шараны ұйымдастырушылар «Қазақстан-Чили достығы қоғамының» құрылғанын ресми түрде жариялады. бұл туралы бұған дейін Қазақстанның Чилидегі Елшісі Болат Нүсіпов мәлімдеген болатын.

Осының құрметіне чилилік Dears өздерінің ұлттық биін, музыкасы мен мәтіні осы тамаша және маңызды оқиғаға арнайы жазылған куэканы ұсынды.

«Димаш әрқашан бүкіл әлемнен Dears-ты Қазақстанға қонаққа шақырады, сондықтан біздің «Қазақстан, батыл халық» куэкасы Чилидің барлық жанкүйерлері үшін маңызды оқиға болды. Бұл қуэка біздің сүйікті орындаушымыздың Отанына бір күні бару деген асыл арманымызға бұрынғыдан да жақындағанымызды сезіндіреді», – деп бөлісті жұмыс авторлары Клаудия Лобос пен Кармен Сандовал.

Чили халқының ұлттық қазынасы, куэке туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ, чилиліктердің Қазақстан халқына арнаған ұлттық биін “Орталық Қазақстан” газетінің инстаграм парақшасынан көре аласыз. 

Басқа материалдар

Back to top button