Ресми

Әділеттің жолы әдептен басталады

Өткен аптада әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Әдеп кеңесіндегілер алдымен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама бұзылуының алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кодекс нормалары сақталмаған жұмыстарға тоқталды.

 

Кеңес отырысында мемлекеттік қызметшілердің талап пен тәртіпті бұзбауының алдын алу шаралары қарастырылып, сәйкес ұсыныстар жасалды. Кеңестің күн тәртібінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары қызметіне жүргізілген талдаудың қорытындысы айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік орган та­ратылған уақытта мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері де сөз болды. Қарқаралы ауданының әдеп жөніндегі уәкілі аудандағы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысына тоқталды.

Сондай-ақ, аталған отырысқа өзге мемлекеттік органдардың өкіл­­дері онлайн форматта қатысып, туындаған мәселелерге жауап берді.

Кеңесте мемлекеттік қызметшіні (мемлекеттік қызметке кір кел­тіретін тәртіптік теріс қылық жасау фактісі бойынша) тәртіптік жауапкершілікке тарту көзделді.

– Биылғы 9 айда департамент­ке шағымдар түскен жоқ. Десек те, біз мемлекеттік қызметші мәр­тебесін көтеруге бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз. Әсі­ресе, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға бағытталған жұмыстар – маңызды. Тұлғалардың заңмен белгіленген құқықтарын қалпына келтіруге, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заң­нама талаптары, әдеп норма­ларының сақталуы ескерілуде. Бұзушылықтардың алдын алу және болашақта болдырмауға бағытталған сұрақтар туындаса, әдеп жөніндегі кеңес бұзу­шылықтың алдын алып, қыз­метшінің әдептілік деңгейін кө­теруге күш салады. Қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге ие болу – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін биіктетеді, – деді мемлекеттік қызмет саласындағы ба­қылау басқармасының бас маманы Данияр Абдрахманов.

Отырыста бірлесіп шешілетін міндеттер белгіленді. Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілер арасында орын алатын бұзушылықтарды болдырмаудың мақсаттарын бекітті.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button