АбайАймақ

Әділетті қоғам үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы Топар кентіндегі №431 сайлау учаскесінде таңғы 7-де басталып, еліміздің Әнұраны орындалды.

Бұл күні ең бірінші болып Топар ГРЭС-інің вагон машинисі Сергей Нестеренко дауыс берді. Неше жылдан бері конституциялық құқығын пайдаланып келе жатқан ол осы жолы Әділетті қоғам үшін дауыс бергенін айтты.

Жалпы бұл Сайлау учаскесіне 1358 сайлаушы тіркелген. Олардың дауыс беруін республикалық 4 партия мен 2 қоғамдық бірлестіктің байқаушылары, үміткерлердің сенімді өкілдері бақылауда.

Ержан ИМАШ,

Абай ауданы.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button