Жаңалықтар
Департаментте – жаңа басшы
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция полковнигі Ерлан Файзуллин тағайындалды.
Жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев және облыс әкімі Ерлан Қошанов таныстырды.
Ерлан Файзуллин 1973 жылы туған, білімі жоғары. Құқық қорғау органдарында 1995 жылғы қыркүйектен бастап орта және аға басшылық құрамның түрлі жедел лауазымдарында қызмет еткен. Қостанай облысы ІІД Федоров аудандық полиция бөлімінің бастығы, осы департамент бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
2018 жылдың желтоқсанынан бастап Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.