Жаңалықтар

Әдемі әсер қалдырды

           Ұлытау ауданында аналар мен арулар күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоспары аясындағы бағдарламалар байыпты түзілуімен ерекшеленіп, жұртшылық көңілінде әдемі әсер қалдырды.
Алғашқы кезекте аудан әкімі Әнуар Омар ауданның өсуі мен өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек ардагері санатындағы аналарды олардың шаңырақтарына арнайы барып құттықтады. Өнегелі өмір жолын өткерген аяулы жандарға ыстық ықыласты лебізін білдіріп, мерекелік тарту-таралғы ұсынды.
«Қарағанды облысының әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының ұйытқы болуымен өткен аудан басшысының қоғамдық тұрғыда белсенді ұстанымы бар қыз-келіншектер мен көпбалалы аналарды қабылдауы екіжақты терең түсіністік ахуалы орныққан ашық пікір алмасу алаңына айналды. Дөңгелек үстел басындағы салмақты әңгіме түйінінде жиынға қатысушыларға аудан әкімінің Құттықтау хаттары мен сый-сияпаттары табыс етілді.
Аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты жиналыста мерекелік рең мейлінше белең алды. Ақжарма пейіл құттықтаулар, лайықты марапаттаулар, хореография­лық би топтары орындаған көркем билер мен әншілер әуелеткен тақырыптық маз­мұндағы әсем әндер жалпы бұқараның көңіліне қонымды болды. Көрермендер залындағы барша әйелдер қауымына аудан әкімінің айрықша құрметі ретінде раушан гүлдері таратылды.
Мерекелік бағдарламалар легі ардагер аналар мен әр салада қызмет атқаратын нәзік жанды майталман мамандарға арналып жайылған дастарқан басындағы сыр­-сұхбатпен қорытындыланды.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button