Қарағанды

Даудың басы – айыппұл

     Айта кету керек, Қарағанды облысының мемлекеттік кірістерді бақылау департаменті Қазыбек би аудандық мемлекеттік кірістерді бақылау басқармасы Максим Головкиннің үстінен сотқа шағым түсірген болатын. Олар оны салық қарызы үшін айыптап отыр.

Қарыздың жалпы сомасы шамамен 21 мың теңгені құраған. Соттың шешімі бойынша М.Головкин қарызды бір айдың шамасында төлеп бітуі керек. Бірақ, ақпарат таратушылар шешім оның қатысуынсыз, заңсыз түрде шығарылған деген уәж айтуда.

БАҚ-пен өзара жұмысты үйлестіруші судьясы Ж.Смағұлованың айтуынша, азаматтық сот процесінде шешім айыпталушы қатыспаса да шығарылып, оны орындау үшін уақыт беріледі. Бұл жағдайда М.Головкинге шақырту қағазы жіберілген.

Қазыбек би атындағы №2 аудандық сотының БАҚ өкілдерімен дөңгелек үстел өткізудегі мақсаты – жарияланған хабарды жоққа шығару болды.

Ақпарат таратар алдында мәселенің байыбына, істің ақ-қарасын айырып алып, халыққа дұрыс ақпарат таратқан жөн. Егер бізге тікелей қоңырау шалып, БАҚ өкілдері қандай да бір іске қатысты сұрақ қояр болса, дұрыс жауабын беруге біз де әзірміз. Сонда ғана халықтың сотқа деген көзқарасының өзгеріп, негізсіз шешім шығарылмайтынына көздері жететін еді, – дейді аталмыш соттың кеңсе меңгерушісі Ә.Қазақбайұлы.

Қарағанды қаласы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button