Жаңалықтар

Дарынды тану алаңы

Қарағандыда облыстың 10 колледжінде өңірлік «WorldskillsKaraganda» чемпионаты өтуде. Техникалық және кәсіби оқудағы оқушылардың кәсіптік шеберлігін сынауға бағытталған «Үздік маман» облыстық бәсекесі республикалық WorldskillsKazakhstan мамандық байқауының аясында ұйымдастырылуда.
Қарағанды облысы бойынша төртінші іріктеу турында 18 және 22 жас аралығындағы студенттер бақ сынасуда. Іріктеуден өткен жеңімпаздар Ұлттық чемпионатқа жолдама алмақ. Бұл байқауда Қарағанды облысын 19 құзыреттілік бойынша көрсету жоспарлануда.
Ұйымдастырушы облыстық білім басқармасының таратқан мәліметінше, барлық қатысушы үшін колледждер бірдей жағдай жасаған.
Қатысушылардың кәсібилігі мен жұмыстарын сырттан шақырылған әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер бағалайды. WorldskillsKazakhstan барынша талантты және дарынды оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, Worldskills – халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. Оның мақсаты – жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Қозғалыстың 75 қатысушы елінде өнеркәсіп және қызмет көрсету саласындағы дәстүрлі кәсіптен бастап, көпсалалық мамандыққа дейін әлемде кәсіби білімнің дамуына WorldSkills тікелей ықпал етуде. Ал, 2014 жылдың 10 маусымында Қазақстан халықаралық WorldSkills International қозғалысының 70-ші қатысушы болып тіркелді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button