Спорт

Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айырылды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Халықаралық бокс ұйымының нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

27 желтоқсанда шыққан IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінен Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов көрінбей қалды. Сонымен қатар BoxRec.com порталы жазғандай, жартылай орта дивизиондағы чемпиондық белбеу бос деп саналады.

Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында Астанада өткізді, онда ол аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңген еді.

Басқа материалдар

Back to top button