Спорт

Данил алтын алды

     Қазақстан құрамасы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен батутта секіру мен тамблингтен Әлем кубогында бірінші орынды иеленді. 85 спортшының арасында дара шыққан қарағандылық Данил МҰСАБАЕВ ақтық сында аянбай тер төгіп алтын медальді олжалады.

Оның айтуынша қарсыластары атақты Ресей, Беларусь және Францияның спортшылары екен. Сонымен қатар, Шымкент қаласынан қатысқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Пирмамад Алиев те жақсы өнер көрсеткен көрінеді.

Батутта секіруден Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Вертянкин талай жарыста ел намысын бермеген Данилдың бұл жолғы қарсыластарының бәрі де мықты және күшін сарыққанын сөз етті.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button