Аймақ

Дамыған туризм – гүлденген өңір

Көрікті табиғатымен Арқаның інжу-маржаны атанған Қарқаралының сай-саласы демалыс орындарына толы. Қазіргі кезде 2,5 мыңға жуық адамды қабылдай алатын 26 нысан бар. Жақында осы нысандар қатары «Жолжақсы» демалыс орнымен толықты.

«Кенші» демалыс орнымен іргелес орналасқан нысанда демалушыларға қажетті барлық жағдай жасалған. Құрылыс жұмыстары үш жылға жуық жүргізілді. Негізгі құрылыс материалы – Ресейден әкелінген. Сапалы ағаштан өрілген ғимарат – қос қабатты. 25 бөлмеден тұрады. Стандарт бөлмелерінің құны – 7500 теңгені, VIP бөлмелері – 25 мың теңгені құрайды. Бұл қаржының ішінде қонақтар үш мезгіл тамақпен қамтылған.

Арнайы жағажай да жасалған. Жатын бөлмелері таза әрі жарық. Асханадағы ас мәзіріне қымыз енгізілген. Суық-ыстық су үздіксіз ағып тұрады.

Ішкі туризмді дамыту – ауданның дамуына да оң өзгерістер әкелері сөзсіз. Келушілер санын арттыру үшін қолайлы жағдай жасаумен қатар, қолжетімді қызмет ұсыну қажет. Жасалған жұмыстар нәтижесінде туристер қарасы жыл санап артып келеді. Мәселен, ресми мәлімет бойынша 2017 жылы 17 мыңға таяу турист келіп, 209,7 млн. теңгеге қызмет көрсетілген. Аталған бағыттағы жұмыстар жандана бермек.

Сағыныш ӘБІЛОВА,

«Орталық Қазақстан»

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button