Жаңалықтар

Дамудың тиімді тетігі

     Экономикалық және әлеуметтік міндеттердің шешімін табу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметі – мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік активтер мен бюджет ресурстарын тиімді басқару, оның орындалысының нәтижесі толық көлемде ақпараттық жүйелік негізде қабылданбаса,  дамуға кедергі жасайды.

Мемлекеттік басқару органдары мен қоғам үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесі ақпарат көздері болып қызмет етеді. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы қызметінің құрамына аудиттің халықаралық стандарттары принциптері негізінде ішкі мемлекеттік аудит органдарының уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелері, ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы,  мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жалпы стандарты және басқа да нормативтік-құқықтық актілер кіреді.

Республика заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мемлекеттік активтер мен бюджет қаражатының орындалысына және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің  тиімділігін арттыру мақсатында  грантқа байланысты, мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік қарыздар, сонымен қатар, мемлекет кепіл болатын қарыздар, оның ішінде, бюджеттік қызметтің орындалысына қатысты бұзушылықтарға жол бермеу, алдын алу қызметін атқарады.

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жоғарыда айтылған шараларды іске асыру мақсатында 2017 жылы 143 (97 нысан) мемлекеттік аудитпен 77214,3 млн. теңге көлемінде бюджет қаражатының орындалысына аудиторлық іс-шаралар жүргізді. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 40749,9 млн. теңгені құрады (аудитпен қамтылған қаражат көлемінің 38%). Оның ішінде, бюджет қаражатының түсімі заңнамалары бойынша анықталған бұзушылықтар (кіріс бөлімі) – 1,5 млн. теңге, бюджет қаражатының атқарылуы заңнамалары  бойынша анықталған бұзушылықтар – 36785,8  млн. теңге, квазимемлекеттік секторлар субъектілерімен мемлекеттік активтерді басқару және қолдану  атқарылуы заңнамалары  бойынша анықталған бұзушылықтар – 3962,5 млн. теңге, анықталған бұзушылықтардан өндірілуге және қалпына келтіруге жататыны – 930,5 млн. теңге, бюджетке өтелгені – 31,9 млн. теңге, процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданғаны 14 материал жалпы сомасы – 1302 млн. теңге, әкімшілік жазаға 33 лауазымды тұлға тартылды, айыппұл сомасы – 5,2 млн. теңге. Аталған сома бюджет есебіне толығымен өтелді.

Аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды қалпына келтіруге,  мемлекеттік активтер мен бюджет қаражатын  пайдаланудың  тиімділігін  арттыруға, олардың экономикалық потенциалдық мүмкіндігін анықтауға аудит нысандарына 135 нұсқама, 300 ұсыныс жолданды. Оның 95% қабылданып, орындалды. Аудит нысандарымен аудиторлық шаралар нәтижесінде 160 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік сатып алу саласында әліде әртүрлі бұзушылықтар анықталып жатады.

Камералдық бақылаудың қорытындысы бойынша 2017 жылы 30189 лот бойынша жалпы құны 529363,4 млн. теңгенің мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды, оның ішінде тексерілгені 30092 лот, сомасы 522760,6 млн. теңге және 2878 лоттан (10%) сомасы 66773,2 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оған 2100 ұсыныстар жолданды.

Көпшілік жағдайда камералдық тексерістің қорытындысы бойынша келесі бұзушылықтар жиі кездеседі. Атап айтқанда, сатып алуда тауар жеткізу мен қызмет көрсетуге нарықта тәжірибесі аз әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптарда заңсыздыққа жол беру, кепілдік қаржы жарнасын төлеу үшін конкурстық құжаттарда банкалық шоттарды көрсетпеу, қате көрсету, жергілікті мекенжайға жеткізуге біргелкі тауарларды лоттарға бөлмеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінде мемлекеттік сатып алуды өткізбеу.

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің және  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қаржылық бақылау Комитетінің мемлекеттік мекемелердің тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелеріне сәйкес қазынашылық органдары жүргізген бюджеттік төлемдерге бақылау жүргізу бойынша өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы 27.01.2016ж. № 32 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес бақылаумен қамтылған мерзімде компланес бақылау жүргізу үшін сомасы 535,6 млн. теңгеге 162 келісім-шарт келіп түсті, оның ішінде дәлелденгені 390,4 мың теңгеге 120 келісім-шарт немесе 78%.

Жүйелі түрде жіберілген кемшілітер мен бұзушылықтарға жасалған талдаудың қорытындысы көрсеткендей, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілердің бұзушылықтары, бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен басшылардың тарапынан бақылау мен мониторингтің жасалмауы, мердігерлермен құрылыс нормаларының сақталмауы, тапсырыс берушілердің тарапынан мердігерлерге бақылау мен мониторингтің болмауы, тапсырыс берушілермен  мемлекеттік сатып алу нормаларын сақтамау және тағы басқалары.

Аудиторлық шаралардың қорытындысы төмендегіні көрсетеді, семинар оқуларын өткізу арқылы жиі кездесетін бұзушылықтарды талдау, мамандандырылған оқу орындарымен ынтымақтасып болашақта қолданыстағы ақпараттық технологияны тәжірибеге енгізу, қаржы мамандарының кәсіби деңгейін көтеру, жауапкершілігін арттыру туралы кешенді шараларды анықтау.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне анықталған бұзушылықтарды талдау, атап айтқанда компланес бақылаудың нәтижесі бойынша нормативтік-құқықтық актілердің кейбір олқылықтары белгілі болды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 31.12.2015 ж. №717 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу Қағидасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне жіберген бұзушылықтары үшін білім ұйымдарының лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарау туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ішкі аудит Комитетіне ұсыныс жолданды.

Қағидада жіберілген олқылықтар білім ұйымдарының лауазымды тұлғаларын жазасыз қалдырады. Соның салдарынан конкурста жеңіске жетіп тұрған әлеуетті өнім берушілер   шеттетіліп,  конкурсқа қатысушыларға негізсіз кедергілер жасалады. Аудиторлық шаралардың нәтижесі бойынша аталған бұзушылыққа жол берген кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауға мүмкіндік бермейді.

А.КӘУКЕТАЕВ,

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button