Жаңалықтар

Дамудың нақты бағдары

     ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына арнаған  «Төртінші  өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы «Қазақстан – 2050» даму стратегиясы, отыз дамыған елдің қатарына кіру, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламалары аясындағы міндеттерді таяу уақыттарда жүйелі түрде нақтылаған кешенді құжат болып табылады.

ЖОО-ға академиялық еркіндік беру, білім мен ғылым саласындағы шұғыл өзгерістерге әзір болу, білім саласына экономиканың жеке саласы ретінде қарау, университеттерге шетелдік менеджерлерді көбірек тартып, бірлескен жобаларды белсенді жүзеге асыру, жоғары оқу орны ғылымын дамыту Елбасы Жолдауындағы «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» – деген терең тұжырыммен дәйектелген. Басқа тілдерден еніп, әбден қалыптасқан терминдерді жаппай аударудағы келеңсіздіктер Терминком жұмысын барынша жетілдіруді міндеттейді. Ал, орыс тілі мен ағылшын тілін меңгерудегі латын әліпбиіне көшу, бәрінен бұрын, мемлекеттік тілдің сол тілдерді меңгеруде берік іргетас екенін баса айту қажет. Қазақ тілінің бүгінгі ұрпақ меңгеруге бағытталған орыс, ағылшын тілдерімен кешенді түрде игерілуі үшін – ұлттық тілімізге қажет сұраныс, қажеттілік керек, пәнаралық байланыс, озық технология және кешенді әдістемені қажет етеді, заманауи мультимедиялық құрылғыларды көбірек алып, оқыту үдерісіне молынан енгізуді талап етеді. Бірден айтайық, әлемдегі бәсекелестікке қабілетті заманауи мамандар әзірлеу, рухани, әлеуметтік саладағы келелі істер Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің басшылығымен, жалпы ұжыммен лайықты түрде атқарылуда.

Қарлығаш ХАМЗИНА,

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің доценті, филология ғылымдарының

кандидаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button