АбайАймақ

Дамудың даңғыл жолында

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Абай ауданының алты елді мекенінде алты жоба жүзеге асырылуда. Сол жобалардың біреуі былтыр басталып, биыл іске асырылмақ. Осы мақсаттарға 688 миллион теңге бөлінсе, оның 230,8 миллион теңгесі – Ұлттық қордан, 388,4 миллион теңгесі – облыстық бюджеттен, ал, 66,8 миллион теңгесі – жергілікті бюджеттен.

Ауыл – ел бесігі

Былтырдан бері келе жатқан жоба – Топар кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Мұның алдында жазғанымыздай, қазір онда жоспарланған жұмыстардың 70 пайыздан астамы орындалып, құрылысшылар бұл нысанды алдағы тамыз айының соңына дейін пайдалануға бермек ниетте.

Биылға белгіленген жаңа бес жобаның бірі – Южный кенті ішіндегі 3,36 шақырым жолды орташа жөндеуді көздейді. Бұған бөлінген 116 миллион 86 мың теңгенің жұмыстарын «РАЙС КZ» ЖШС атқаруда. Ондағы жұмыстар басталып, жөнделетін жол бөліктерінің ескі асфальт төсемдері қырылып тасталуда.

Тағы бір жоба – Юбилейное ауылындағы 1,4 шақырым ішкі жолдардың орташа жөнделуі. Мұнда мердігер – «Өрнек-НС» ЖШС. Жұмыстар 25 сәуірде басталған еді. Келесі Көксу ауылындағы 3,1 шақырым болатын ішкі жолдарды орташа жөндеуді де осы серіктестік міндетіне алған. Құлайғыр ауылының ішіндегі 3 шақырым жолдың орташа жөндеу де осы серіктестікте. Ендігі Жон ауылындағы 3 шақырым жолдың орташа жөндеуін аталған серіктестік 20 мамырда бастап, тамыз айында толық аяқтауды көздейді.

Ауданда бұдан бөлек «Дипломмен – ауылға!» жобасы көптен бері жүзеге асырылып келеді.

Осы жоба бойынша 2022 жылы Абай ауданында 50 маманға 15 миллион 315 мың теңгенің көтермелеу жәрдемақысы берілсе, соның 26-сы – білім беру, 23-і – денсаулық сақтау, 1-і – спорт саласының мамандары. Оларға берілген бастапқы көтермелеу жәрдемақысын 306 мың теңгеден болды.

Тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие 144 миллион 968,5 мың теңге мөлшерінде 33 маманға, соның ішінде, білім берудің 21, денсаулық сақтаудың 12 маманына берілді (бірінші көтермелеу жәрдемақысының мөлшері – 4 миллион 954 мың 500 теңге).

Енді, 2023 жылға арналған 13 миллион 800 мың теңгенің бірмезгілдік көтермелеу жәрдемақысын 40 маманға бөлінді (әр маманға 345 мың теңгеден).

Осыдан 2023 жылдың 23 маусымына дейін білім берудің 19, денсаулық сақтаудың 11 маманы тиесілі көтермелеу жәрдемақысын алды.

Сондай-ақ, Абай ауданында Ұлттық «Үйлер» бағдарламасы негізіндегі жобалар да іске асырылып жатыр.

Мәселен, Абай қаласының 30 «а» орамында 5 қабатты екі үйдің құрылысы аяқталып, онда кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағылар қоныстанды.

Халықтың осындай санаты үшін қайталама тұрғын үй нарығынан 20 пәтер сатып алуға 192 миллион теңге бөлінсе, соның 76 миллион 800 мың теңгесі Ұлттық қордан, ал, 115 миллион 200 мың теңгесі – республикалық бюджеттен. Қазірде сондай 8 пәтер сатып алуға келісімшарт жасалынды.

Жолдарды жөндеу жобалары бойынша Тасзаимка ауылына кіреберіс 2,2 шақырым жолды жаңғырту жалғасуда. Сол сияқты Вольный, Көксу ауылдарына кіреберіс жолдарды жөндеп, жаңғырту аяқталды.

Жалпы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасының шеңберінде Абай ауданы 112 уақытша жұмыс орны құрылды.

Ержан ИМАШ,
Абай ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button