Руханият

Дала классигінің дара жолы

Жазушы шығармасын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Достық үйі арнайы «Дала классигі – Ғабиден Мұстафин» атты кеш өткізді.

Аталмыш басқосудың ерекшелігі Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану мұражайы дайындаған көрме. Көрмеге  Ғабиден Мұстафин атындағы кітапханада ашылған жазушы залынан әкелінген өзі қолданған жеке заттары мен кітаптар топтастырылды.

Кеш қонақтары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары Жансая Жарылғапов пен Айтбай Жұмағұлов Ғабиден Мұстафиннің шығармаларындағы замана бейнесі» – деген тақырыпта ойларын ортаға салды.  Олар жас буынға Ғабиден Мұстафин мұрасынан біршама мысал келтіре отырып, жазушының өмірлік позициясын түсіндірді.

Ал, Ғабиден Мұстафин атындағы №83 мектеп оқушылары жазушының «Шығанақ» романынан көрініс көрсетті. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы № 102 мектеп-гимназиясында білім алып жүрген өзге де ұлт өкілдерінің балалары Ғабиден Мұстафиннің қанатты сөздерін қазақ тілінде айтты

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button