Басты тақырыпСпорт

Құдайбергенде – күміс жүлде

    Облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкері, сержант Құдайберген ТӨЛЕУБАЕВ ММА жекпе-жегінен өткен Еуропа чемпионатында күміс медальді олжалады.

Болгарияның астанасы Софияда жалауы желбіреген додада қырықтан астам мемлекет өкілдері бабы мен бағын сынады. Ел намысын қорғағандар сапында Құдайберген 93 келіге дейінгі салмақта айқасқа түсіп, күміс жүлдегер атанды.

Қарағанды облыстық ММА федерациясының вице-президенті Мұхаммад Сүлеймановтың айтуынша, Құдайберген бұл спорт түрі бойынша алғаш рет халықаралық жарысқа қатысып отыр. Қазақстаннан үш оғылан бәсекеге түсіпті. Үшеуі де жүлделі орыннан көрінген. Бұл жетістікке қол жеткізуде бапкер Самат Бердешевтің еңбегі сіңгені сөзсіз.

Жарыс барысында Құдайберген мексикалық Марио Альберто Эрнандес Пересті нокаутқа жіберген. Ал, финалда швед спортшысымен кездесіп, тек, ұпай санымен ұтылған.

Өз кезегінде Құдайбергеннің федерация басшылығы мен бапкерлеріне ризашылығы шексіз.

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button