Дәуір жетістігі – шалғай ауылда

    Жуырда Ұлытау ауданының әкімі Әнуар ОМАР Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Кездесуде аудан әкімі ор­та­лықтағы қызмет сапасын ба­ғамдады. Өзі мекен-жай анықтамасын алып, электронды қызмет көрсету жұмысын тексерді. Сондай-ақ, аудан басшысы шалғайда орналасқан селолық округтердің тұрғындарына аудан ор­талығына қатынамай-ақ, интернет желісі ар­қылы шағымдар мен өтініштерді жолдап, керекті кейбір анықтамаларды жергілікті әкімдіктердің өзіне-өзі қызмет ету бұрышы арқылы шығарып алуға болатындығын айтты.

– Елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын автоматтандыру қолға алынды. Алдағы уақытта азаматтар белгілі бір құжатты алу үшін кезекке тұрып, көптеген анықтама қағаздарды жинауға уақыт жоғалтпайды. Өйткені, қажетті құжаттардың саны азаяды. Автоматтандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін электронды қолтаңбасы бар тұрғындар үйде отырып-ақ, өзіне керекті анықтама қағаздарын ала алады. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беруі қажет. Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жасалып жатқан ауқымды жұмыстардан тұрғындар құлағдар болуы тиісті,– деді Әнуар Омар.

Өз тілшімізден.

ҰЛЫТАУ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.