Дәстүрлер ұлықталды

 

№101 мектептің ұжымы оқушылар мен ата-аналарға «Наурыз – 2018» мерекелік шарасын ұйымдастырды. Аталмыш шара барысында ауызбірлігі жарасқан қазақ елінің ұлттық дәстүрлері насихатталды.

Бастауыш сынып мұғалімі Д.Сәкенова бастаған ұжым «Наурыз тойы» (Мектеп наурыз айында карантинда болғаны себепті, іс-шара кеш өткізілді) көрінісін ұсынып, оқушылар кешті ән-шашу бағдарламасымен көңілдендірді. Ата-аналардың ұйымдастыруымен «Тұсау кесу» рәсімін өз нақышында көрсетіп, шашу шашып, бата беріп, ойын-сауықпен толықтыра түсті. Бастауыш сынып оқушыларына ата-бабамыздан бізге мұра болып жеткен киіз үй есігін айқара ашты. Ата-аналар дастархандарын жайып, оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Киокушинкай каратэ-до» мектеп үйірмесінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Қазақ халқының ұлттық ойындарында оқушыларымыз асық атып, садақ тартып, арқан тартыс жарыстарына қатысып, мектеп атынан марапаттарға ие болды. Қарағанды қаласы хайуанаттар бағының қызметкерлері қуанышымызға ортақтасып, түйе, атарба, понимен балаларды серуендетті. Білім ошағында өткен Наурыз тойы ұмытылмас әсер қалдырды. Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен мектеп ауласында тегін бауырсақ, наурыз көже, палау таратылды.

Саяхат ҚАСЫМОВ,
№101 мектептің дене
шынықтыру пәні мұғалімі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.