Дәстүрге айналған игі іс

«Нұр Отан» партиясының филиалы мен бастауыш партия ұйымының мүшелері Қарттар күні қарсаңында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейтін «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасының аясында соғыс және еңбек ардагерлеріне көмек көрсетті.

Теміртау қалалық Ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, аумақтық филиал, БПҰ өкілдері, «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері Теміртау қаласының қарттарына көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған.

Мәселен, Ақтау кентінің тұрғыны В.Бедаевқа көмек ретінде партия белсенділері зейнеткердің үйінің қабырғасына сылау жұмыстарын жүргізді. Ал, Ұлы Отан соғысының ардагерлері – М.Степаненко мен Н.Голуб дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. 100 жылдық мерейтой иесі И.Кубанкинге Теміртау қаласы әкімдігінің, мәслихатының, ардагерлер кеңесінің атынан естелік сыйлық табысталды.

Өмір оңай емес. Қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Ертеңгі күнге деген қорқынышпен өмір сүрген кездеріміз де бар. Бірақ, жақсылықтан да кенде қалған жоқпыз. Қиындыққа мойынұсынбау керек. Мақсатқа жеткің келсе, жігер, белсенділік, сенімділіктің болғаны абзал, – дейді, 2 жыл Уссур облысында Қызыл армияда қызмет еткен, 1941 жылы майданға шақырылған, екі рет жарақат алған ардагер И.Кубанкин.

Cалтанат ИЛЬЯШОВА

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.