Жаңалықтар

Дүлей аяз келе жатыр

   «Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, Қарағанды облысына алдағы аптаның басынан бастап, дүлей аяз келе жатқан көрінеді. 22-26 қаңтар аралығында ауаның температурасы аймағымыздың кей жерлерінде, тіпті, 45 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Осы аптаның соңғы күндері ауа температурасы тұрақты болады деп болжануда. Қазақстанның басым бөлігін Сібір антициклонының әсерінен сарышұнақ аяз қыспаққа алуы ықтимал. Әсіресе, облыстың таулы аймақтарында одан да қатты аяз болуы мүмкін. Тас жолдар жабылып, дизель отынымен жүретін көліктерге шектеу қойылмақшы. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары автокөлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беруде. Өйткені, өңірде аяздың беті қаңтар айынан кейін ғана қайтатын көрінеді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button