25-ақпандағы мәлімет бойынша ел көлемінде 746 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шығыпты. Пандемия басталғалы барлығы 195 121 адам вирустан айығыпты. Алайда, екі аптадан кейінгі ПТР тестінің теріс нәтижесі вирустан біржола айықты дегенді білдірмейді. Қағаз жүзінде адам сау болғанымен, құлан-таза айығып кетуіне бірнеше ай, тіпті, бірнеше жыл қажет болады. Коронавирус инфекциясын жұқ тырып ауырғандардың 20%-ында COVID19-дан кейінгі асқыну байқалады екен.
Коронавирус тұмау сияқты рес пираторлық вирустар қатарына жатады дегенімізбен, оның адам организміне әсері мен салдарын ешкім болжап айта алмайды. Қатерлісі де осы ерекшелігі болып тұр. Тұмаудан адам, әрі кетсе, 2-3 аптаның айнала сында жазылып шығады және одан кейін қандай да бір өзгерістер байқалмайды. Коронавирус адам ағза сының ең осал тұсына әсер етеді. Одан жазылды дегеннің өзінде кейін ұзақ уақыт бойы мазалауы мүмкін. Біреудің асқазан жұмысы зардап шегеді, келесісінің жүйке жүйесіне әсер етеді, буындардың сырқырауы, тершеңдік пен әлсіздік айлап сақталады.
Мамандардың мәлімдеуінше, коронавирустың ауыр түрімен ауырғандарда ковидтен кейінгі синдром 2 жылға дейін созылуы мүмкін екен. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ішкі аурулар кафедрасының профессоры Сәуле Қасенованың айтуынша, ауырған адамдарда коронавирус белгісі 3 айға дейін, қатты ауырғандарда 2 жылға дейін сақталуы мүмкін.
– Ұзақ уақытқа созылған құрғақ жөтел, ентігу, әлсіздік ковидтен кейінгі синдромның жиі кездесетін белгілері. Кейбіреулерде бас ауырып, басы айналады. Жүрегі ауыруы мүмкін. Тіпті, ұйықының бұзылып, жадының нашарлауы да кездеседі. Мұның барлығы коронавирустан, – деді С.Қасенова.
Қала тұрғыны Назира Балтабек те коронавирустан айыға алмай жүргендердің бірі. Алғашқы уақытта онда әлсіздік пен шаштың түсуі байқалған.
– Одан бөлек, жоғары температура, құрғақ жөтел байқалды. Төртінші күні иіс пен дәм сезбей қалдым. Керек медициналық сараптамаларды жасаттым. КТ пневмония жоқ екенін көрсетті. Коронавирустың жеңіл түрі болғандықтан, 14 күн үй карантинінде жаттым, – дейді ол. Сол ауырғаннан бір айдан кейін ғана дәм мен иісті қайта сезе бастапты.
Дәрігерлер вирустан кейінгі қалпына келу науқастың ауыру деңгейіне байланысты дейді. Яғни, науқас ауыр, асқынған түрімен ауырса, қалпына келу мерзімі де ұзағырақ болады.
– Коронавирустың инкубациялық кезеңінен кейін тағы екі апта дәрігерлердің бақылауында болады. Үй жағдайында немесе стационарға жатқызылады. Мәселен, жағдайы ауыр болған науқастардың дәм мен иіс сезу қабілеті 1 айдың көлемінде қалпына келеді. Дегенмен, әр адамда ол әртүрлі болатынын ескеру керек, – дейді №4 емхананың эпидемиолог дәрігері Эльвира Ыбырай.
Бұл ретте маман теңіз тұзымен мұрынды шаю, сұйықтықты жиі ішу, таза ауада көп болу сияқты кеңестер айтты.
– Су ішумен қатар, дұрыс та мақтану қажет. В тобына жататын және полидәрумендер ішу керек. Ол жүйке жасушаларының қалпына келуіне әсер етеді. Тыныс алу гимнастикаларының да көмегі көп. Оны терапевт пен реабилитолог тағайындайды, – деді Э.Ыбырай. Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясының таралуында айтарлықтай өз геріс жоқ. 25-ақпандағы жағдайы бойынша 855 адамда вирус жаңадан анықталды. Пандемия басталғалы республика бойынша 210 357 адам вирус жұқтырып, ауырды. Ал, Қарағанды облысында 15 308 адам да ПТР тестілеу бойынша коронавирус расталды. Оның 54-і өткен тәулікте қосылды. Жалпы, 20 277 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Коронавирустан емделу мен одан кейін қалпына келу міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Яғни, оның дәрі-дәрмегі де, жасалатын сараптамалар да тегін және емге көнеді.
Жансая ОМАРБЕК