Жаңалықтар

COVID-19 күрес аясында психологиялық көмек көрсететін сайт ашылды

Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық ғылыми-тәжірибелік психикалық денсаулық орталығы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен халыққа психологиялық көмек және қолдау көрсету үшін covid-19.mentalcenter.kz сайтын ашты. Психолог мамандардың көмегіне карантиндегі адамдар, медициналық қызметкерлер және ата-анасының рұқсатымен балалар жүгіне алады.


«Бұл сайтта қызықтырған сұрақтарға жауап табуға болады. Сондай-ақ психолог немесе психотерапевттің онлайн-кеңесін алу мүмкіндігі қарастырылған. Өтініш берушіге сілтеме жасалған СМС келіп, сол бойынша келісілген уақытта маманмен байланысқа шығуға болады»,-делінген Денсаулық сақтау министрлігінің “Telegram” желісіндегі ресми арнасында.

Жобаға еліміздің барлық өңірлерінің денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік, мемлекеттік емес секторлары жүйесінде жұмыс істейтін 50-ден астам маман қатысуда. Онда коронавирустық инфекцияның жергілікті жағдайларға бейімделуі кезеңінде психологиялық көмектің үздік халықаралық тәжірибесі жинақталған.

inform.kz

Басқа материалдар

Back to top button