АймақКоронавирус

Аймақта 97 адам COVID-19 жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 664 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 97, облыс “жасыл” аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 160 164 жағдай тіркелді.

2022 жылдың 26 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%-ды құрайды, яғни 728 515 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,2%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,7% немесе 681 009 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,2%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 280 436 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 59%-ы.

Індеттің алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация екендігін атап өту керек. Дер кезінде алынған вакцина – дерттің таралып кетпеуіне бірден-бір себеп. Алайда, белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпенің күші әлсірей бастайды, сондықтан уақтылы қайта екпе алу маңызды.

Вакцинациялау егуді жүргізуге алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен, ерікті түрде және ТЕГІН жүргізіледі. Екпе алып, індеттен аман қалу мүмкіндігі әр адамда бар. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғау үшін вакцинация алу қажет!

Басқа материалдар

Back to top button