Чемпионнан шарапат

   Былғары қолғап шебері, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік СӘПИЕВ обырды жеңген қарағандылық Николай ЧАСОВСКИХПЕН кездесті.

Көп жылдан бері обырмен ауырған 18 жастағы қала тұрғынының асыл арманының бірі чемпионмен жүздесу болған. Бұл тілегін еріктілер облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаровқа жеткізіпті. Естіген бойда Алмас Айдаров Серік Сәпиевке хабарласып, жанкүйермен ізгі кездесуді ұйымдастыру жағын кеңескен көрінеді. Бірнеше жыл бойы қатерлі аурумен күресіп, жеңіске жеткен жерлесі жайлы естіген боксшы уақыт тауып, Николайдың шаңырағына арнайы соғыпты. Сәпиев жанкүйеріне құралақан келмей, гид­роскутер сыйға тартты. Ақ жол тілеп, енді ғана дертінен айыққан Николайға жоғары оқу орнына түсіп, мықты мамандық иесі атану жоспары орындалатынына сендірді.

– Бұл дерт атауының өзі адамға үлкен психологиялық соққы беретінін аталмыш диагноз қойылған жандар жақсы біледі. Бұл дертті жеңемін деген адам, ең бірінші, рухани сынбауы керек. Мен бұл жерде Николайдың ерекше жігерлі жан екендігіне қайран қалдым. Диагнозын білген бойда тағдыр қиындығына үнсіз бағынбай, өмір үшін күрескеніне ризамын,– деді Серік Сәпиев.

Баласының арманы орындалғанына Николайдың анасы ерекше қуанып, чемпионға алғысын жаудырды.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.