Чемпион да таңдау жасады
Еліміздің көк туын желбіретіп жүрген спортшыларымыз да бір кісідей бүгінгі маңызды науқанға қатысып, дауысын берді. Солардың қатарында қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сағыныш Асылбекова бар.
Қоян қолтық ұрысының хас шебері, Азия чемпионы Сағыныш Дәуренқызы қаламыздағы «Орбита» ықшамауданындағы №75 Референдум учаскесінде кешкілік дауыс берді.
– Елімізде келешігімізді айқындайтын референдум өтіп жатыр. Мұндай саяси науқанда өз таңдауымды білдіріп, дауыс беру азаматтық борышым деп білемін. Кеш келген себебім – жаттығу залынан шықтым. Өз Отанымды ерекше қадірлеймін. Көк туымызды биікте желбірету үнемі арманым ғой. Елімнің биіктен көрінгенін күні-түні тілеймін. Сол себепті болашағым үшін дауыс бердім», – дейді чемпион.
Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ.