Спорт

Чарло Әлімханұлымен жұдырықтаса ма?

WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы дивизионда WBC белбеуінің иесі америкалық Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

Сурет: tengrinews.kz сайтынан

Қазақстандық былғары қолғап шебері әлеуметтік желіде америкалық боксшыға:

– Сұрағым бар. Сонымен Чарло менімен төбелесе ме, төбелеспей ме? WBO/IBF мен WBC-ді сарапқа салатын айқас өткізейік! – деп жазба қалдырған.

Айта кетейік, өткен айда Джермалл Чарло 2021 жылдан бері алғаш рет шаршы алаңға оралып, төрешілердің ортақ шешімімен кіші Хосе Бенавидесті жеңген болатын. Жеңісінен кейін қазақстандық боксшыме жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеген болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button