Жаңалықтар
ҰБТ талаптары өзгермейді
Ұлттық бірыңғай тестілеу талаптары өзгермейді. Бұл туралы түлектер сауалына жауап берген облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев айтты.
– Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов атап өткендей, түлектер емтиханды бұрынғы тәртіппен тапсырады. ҰБТ талаптары өзгермейді. Тестілеуге қатысты қандай да бір жаңашылдықтар орын алған жағдайда қосымша ескертіледі, – деді Есенғазы Иманғалиев.