Жаңалықтар

Браконьерлер инспекторды жазым етті

Браконьерлер «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторын жазым етті. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен ДІЛДАХМЕТ әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сәкен Ділдахметтің айтуынша, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Нұра ауданының аумағына рейд жүргізу барысында атып алынған 5 киікті тапқан. Киікті атқан адамдардың ізіне түскен инспекторлар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ екі көлікті қуып, оның бірін тоқтатқан.

– Автомобильді тексеру барысында белгісіз адамдар қарсылық көрсетті. Соның салдарынан бір инспектордың жағы сынып, пышақ жарақатын алса, екінші инспектордың миы шайқалып, ес-түсінен айырылды. Бір инспекторды дәрігерлер құтқара алмады. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының жедел тобы аттанды, деді Сәкен Ділдахмет.

Ресми өкілдің дерегінше, аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, браконьерлерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button