Спорт

БОЗКІЛЕМДЕГІ БЕЛДЕСУ

Ақтоғай ауданының орталығындағы спорт кешенінде 2001-2002 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасында қазақ күресінен облыстық чемпионат өтті.

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйтқы болған айшықты аламанға 6 қала, 9 ауданнан  қатысқан 174 балуан аудан әкімінің орынбасары Абылай Аманжолов пен белгілі балуан, еркін күрестен КСРО спорт шебері Жұмабай Жандығұлов сәттілік тілеген соң белді бекем буып, боз кілемнің шаңын қақты.

Жанкүйер делебесін қоздырған жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Жеті салмақ дәрежесінде күш сынасқан дүбірлі додада қыздар арасында: Қарқаралыдан Д.Дүйсенбекова, Ақтоғайдан Қ.Төлеутай мен Н.Сағындық, Жаңаарқадан Г.Зекен, Сәтбаевтан К.Даниярова мен Қ.Қамытова, Осакаровтан Х.Атбай, жасөспірімдер арасында: Бұқар жыраудан Т.Тергеубек, Абайдан Н.Ковтун, Қарағандыдан Ш.Алқуат пен  Ж. Базарбек, Жезқазғаннан Н.Аханов, Ақтоғайдан І.Зәкен, Осакаровтан Е.Монтов жеңіс тұғырына көтерілді. Олар енді жуырда Жезқазған қаласында өтетін ел біріншілігінде өңір намысын қорғайды.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Әлібек Әбдіраш.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button